РУХАНИ САЯХАТ
"Рухани саяхат" кiтабы аллегорялық стильде жазылған туралы баяндалды...
СЕНІҢ ҚОЛЫҢНАН КЕЛЕДІ
Сен қолымнан келмейді деп қорқамысың? Бәрі қорқады. Біз ешқашан сары уайым аяқталмайды, көз жасымыз тыйылмайды, азаптар ешқашан бітпейді деп қорқамыз. Терең ордың түбінде жатып, біздің әрқайсымыз ол жерден шыға алатынымызға күмәнданамыз. Бірақ осы кітаптың авторы күмәндарды лақтырып тастауға шақырады. Ол бауырлары орға тастап, құлдыққа сатылған, әділетсіз айыпталып зынданға қамалған – Киелі кітаптағы Жүсіптің оқиғасын еске алып – біздің кез-келген қайғымызды біздің игілігімізге айналдыратын Құдайға сенім артуға үйренуді ұсынады.
ТҰРМЫСТАҒЫ МІНӘЖАТ ЕТУШІ ӘЙЕЛДІҢ КҮШІ
Сіздің назарыңызға Сторми Омартианның «Тұрмыстағы мінәжат етуші әйелдің күші» атты кітабының аудио нұсқасын ұсынамыз. Бұл кітап, мінәжаттың құдіретті күші жайында айтады. Егер сіздің некеңіз дәл қазір қиын кезеңді басынан өткізіп жатқан болса, онда осы кітаптан отбасыңыздағы шиеленіскен жағдайға, басқа тұстан қарауға және мәселелеріңіздің дұрыс шешімін табуға көмек таба аласыз. Тұрмыстағы әйелдің нағыз міндеті туралы біліп, күйеуіңізді жақсырақ түсінуді үйренесіз. Сторми өз өмірінен куәліктер келтіре отырып, мінәжатыңыздың қаншалықты нәтижелі болатынын көрсетеді. Өте көп жағдайда тек Құдайға мінәжат ету ғана барлық нәрсені жақсарта алады.
ИГІЛІГІМІЗ ҮШІН БОЛАТЫН АЗАПТАР
Сіздің назарыңызға бағушы Чарлз Стенлидің «Игілігімізге болатын азаптар» атты кітабының аудио нұсқасын ұсынамыз. Өз кітабында бағушы Стенли, азап шегіп, қиыншылықтардан өтудің – Құдайдың бізге батасын беру үшін қолданатын құралы екенін ашып көрсетеді. Қиыншылықтарға деген бұндай көзқарас, олардың біздің игілігіміз үшін болатынын түсініп, қабылдауға көмектесетін күш-қуат болып табылады.
МІНӘЖАТ ЕТУШІ КҮЙЕУДІҢ КҮШІ
Сіздің назарыңызға Сторми Омартианның «Мінәжат етуші күйеудің күші» атты кітабының аудио нұсқасын ұсынамыз. Әрбір ер адам отбасын құрғанда, көптен күткен отбасындағы бақытқа қол жеткізгісі келеді. Бірақ өте жиі жағдайда өмірдің ащы шындығы оның армандарын күл талқан етеді. Неке оның махаббаты үшін ауыр сынақ болуы мүмкін. Қалайша өзара түсіністікке жетіп, ұрыспауға болады? Әйелімді қалай бақытты етемін? Махаббат пен қуанышқа толы неке жайындағы арманымды қалайша жүзеге асыруға болады? Сторми Омартиан ер адамдарға, өздеріне мол жарылқауы мен әйелдің жан-дүниесінің құпиясын ашатын Құдайға мінәжат етіп, көмек сұрауларына кеңес береді.
ЕРЛЕРГЕ ӘЙЕЛДЕР ЖАЙЛЫ
Сіздердің назарларыңызға американдық туындыгерлер Шонти және Джефф Фельданның «Аса құпия: ерлерге әйелдер жайлы» атты кітабының аудио нұсқасын ұсынамыз. Шонти және Джефф Фельдан, ер кісілер әйелдердің ішкі жан-дүниесі жайлы өздері үшін көптеген пайдалы ақпараттар тауып, бұл ақпараттар таңдаулыларының ішкі жан-дүниесінде не болып жатқанын түсінуіне көмектеседі, соның арқасында олармен дұрыс қарым-қатынастар құратын болады деп үміттенеді.
ТАТУЛАСТЫРУШЫ
Американдық «Татуластырушылар қызметі» елшілігінің президенті, әрі қорғаушы Кеннет Сендидің кітабы – маңайындағылармен қарым-қатынасында Мәсіхтің «барынша, барлық адамдармен тату болыңдар» деген тәлімін ұстануға тырысатын сенушілерге арналған бірден-бір практикалық құрал болып табылады. Бұл сенушлілерге дау-жанжалдарды тек мәселе ретінде қарастыру әдетін қойып, оларды Иемізді мадақтаудың мүмкіндігі ретінде қарастыруға көмектеседі. Кітап бағушыларға, сондай-ақ Құдаймен, адамдармен және өз-өзімен үйлесімділікте өмір сүргісі келетіндер үшін де өте пайдалы.
ЖІГІТТЕРГЕ ҚЫЗДАР ЖАЙЛЫ
Сіздің назарыңызға «Аса құпия: жігіттерге қыздар жайлы» атты кітаптың аудио нұсқасын ұсынамыз. Джефф Фельдан мен Эрик Райстың бірлесіп жазған кітабы, қандай дінді ұстануына, ұлтына немесе білім деңгейіне қарамастан, бойжеткендерді түсініп, олармен ізгі қарым-қатынаста болуды қалайтын, барлық жас жігіттерге пайдалы болады. Авторлар ауқымды әлеуметтік зерттеулерге негізделіп, бойжеткендердің жан-дүниесінде не болып жатқанын оқырмандардың түсінуіне көмектесіп, бойжеткендердің бозбаланы тастап кеткісі келетіні жайлы қандай белгілер куәлік ететінін әңгімелеп, нәзік жанды бойжеткендердің жүрегін жаулап алуда шын мәнінде табысқа қол жеткізу нені білдіретінін түсіндіріп, бойжеткендер қандай жігіттермен кездесуді қалайтынын және одан да көбірек құпияларды бізге ашады.
ПАТШАНЫҢ ӨСИЕТІ
Елена Соколованың жаңа туындысы, оның шығармашылығынан хабары бар адамдарға қуаныш силайтыны анық. Бірақ сонымен бірге бұл автормен алғаш рет жүздесіп отырғандарды да ертегілердегі кейіпкерлер – сиқырлы бәтеңкелер, қызықты майбасар аңдар, қуыршақтар мен адамдар... бей-жай қалдырмайды. Әр түрлі әлемде өмір сүретін кейіпкерлердің барлығыда Құдайдың заңымен өмір сүріп, сол бойынша іс-әрекет етеді. Жарық әрдайым түнекті жеңеді, қайырымдылық пен әділдік орнайды, осылардың арқасында, осы кітапты қолына алған әркім мәңгілік құндылықтарға көз жеткізе алатын болады.
ҚҰРТАҚАНДАЙ ЖАРҚЫРАУЫҚ ПЕН КҮНГЕЙ АЛАҢҚАЙДЫҢ ӨЗГЕ ДЕ ТҰРҒЫНДАРЫ
Бұл Құртақандай есімді жарқырауық пен оның достарының басынан кешкен қызықты, әрі үлгі болаларлық оқиғалар мектепке дейінгі және мектепте оқитын кіші сыныптағы балаларға арналған. Жас оқырмандар осы кітаптан жәндіктер түрінің қаншалықты көп екенін біліп қана қоймай, сонымен қатар оқиға кейіпкерлерімен бірге маңайындағыларға шынайылықпен, жомарттықпен және ілтипатпен қарауды, бауырмалдық пен достық қарым-қатынаста болуды үйренетін болады. Ертегідегі әрбір кейіпкердің оқиғасы Киелі кітапқа негізделген даналық өсиеттермен аяқталады.
БАҚЫТТЫҢ ҚАЛАСЫ
Елена Соколованың осы жаңа кітабы, авторды танып, ұнатып үлгерген және оның ғажайып ертегілері мен астарлы әңгімелерін бағалайтын адамдарды қуантатын жаңалық болып табылады. Оның өте қарапайым да терең мағыналы ертегілері мен астарлы әңгімелері балалар мен ересектерді Киелі кітаптың шындығына бағыттай отырып, жалғандық пен күнә жайлаған өмірден шындық пен ізгілікке толы өмірге шақырады.
АҢЫЗДАР ЖӘНЕ ШЫНДЫҚ
Дүние жүзіне әйгілі мәсіхші туындыгер Джош Макдауэлл және оның бірлескен туындыгері Боб Хостетлер, бұл кітапта көпшілік жұрттың арасында кеңінен тараған Құдай, Киелі кітап және мәсіхшілік туралы аңыздарды оңай және түсінікті етіп талқылайды, сонымен бірге Киелі кітап тұрғысынан олардың қисынсыздығын көрсете отырып, оны өз өмірлерінен алынған жарқын мысалдармен бейнелейді. Бұл кітаптың әрбір тарауы шағын тапсырмамен аяқталады, ал тапсырма осы тараудың материалы бойынша құрылған және осы мәселе ашып түсіндірілетін, Киелі кітаптың негізгі аяттарымен бекітілген. Бұл кітапты жексенбілік мектептер мен Киелі кітапты талқылау топтарында көмекші құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Әдеттегіден тыс ерекше және тапқырлықпен жазылған бұл кітап тек жасөспірімдерге ғана емес, сонымен бірге ересектерге де ұнайтыны, шүбәсіз.
КУӘГЕР
Детектив оқиғасы. Ол кісі өлімінің, адам ұрлаудың және пара беруге мәжбүрлеудің куәсі болды. Бұл істерді қылмыс жасауды өзінің мамандығы етіп алған адамдар жасады. Оның көзін құртуды қалаған олар осы сұмдық қылмыстарды сол жасағандай етіп көрсетуге тырысады. Олар оны басты күдікті адам етіп көрсетеді. Оның қашудан басқа амалы қалмайды, алайда оның жаулары Еуропаның алты мемлекетінің, Солтүстік Африканың және Таяу Шығыстың шекаралары арқылы өтіп, оның ізіне түседі. Ол жасырынып қалып, көлеңкеде қалғысы келеді, алайда қараңғы түнекке сәуле түсіп, ол үшін бұрын жасырын құпия болған нәрселердің сыры ашылады, сөйтіп оған нағыз шындық ашылады.
ӘЙЕЛДЕР СЕНЕТІН ӨТІРІК
Кітаптың авторы əйелдер жиі сенетін өтірік туралы əңгімелейді. Бұл кітап біздің есімізге адасушылықтан азат етіп, рухани ағыл-тегіл мол өмір сыйлай алатын ақиқатты салады.
ЖӘЙ ҒАНА АҒАШ ШЕБЕРІ ЕМЕС
Арада 2000 жылдан артық уақыт өтсе де, Назареттік Иса Мәсіхтің өмірі біздің әлемімізге әсер етуін жалғастырып келеді. Мұның неге бұлай екені «Жәй ғана ағаш шебері емес» кітабында түсіндіріледі. Автор Мәсіхтің мәлімдемелеріне мұқият зерттеу жасайды және олар тарихи тұрғыдан нақты деген байламға келеді. Кітап Исаның жолын қуушылардың өз сенімдеріне қатысты сұрақтарға жауап берулеріне көмектеседі және рухани ізденістегі адамдардың Киелі кітапты әділ зерттеулеріне түрткі болады.
ДҰРЫС ТАҢДАУ
Бұл тағлым аларлық Киелі кітаптық әңгімелер жинағы 5–10 жастағы балаларға арналған. Киелі кітаптық кейіпкерлердің үлгісі сіздің балаларыңызға шындықты өтіріктен ажыратуға және кез келген өмірлік жағдайларда дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.
ӘЙЕЛДЕРГЕ ЕР АДАМДАР ТУРАЛЫ
Ағылшын жазушысы Шонти Фельданның кітабынан әйелдер ер адамның жан дүниесіне қатысты пайдалы кеңестер мен өздері үшін күтпеген жаңалықтарды ашады. Автор мұндағы ақпарат оқырмандарға өздерінің сүйікті адамдарының ішкі сырын түсінуге, соның арқасында олармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді деп үміттенеді.