СЕНІҢ ҚОЛЫҢНАН КЕЛЕДІ
Қиындыққа ұшырағандар үшін үміт пен қолдау. Сен қолымнан келмейді деп қорқамысың? Бәрі қорқады. Біз ешқашан сары уайым аяқталмайды, көз жасымыз тыйылмайды, азаптар ешқашан бітпейді деп қорқамыз. Терең ордың түбінде жатып, біздің әрқайсымыз ол жерден шыға алатынымызға күмәнданамыз. Бірақ осы кітаптың авторы күмәндарды лақтырып тастауға шақырады. Ол бауырлары орға тастап, құлдыққа сатылған, әділетсіз айыпталып зынданға қамалған – Киелі кітаптағы Жүсіптің оқиғасын еске алып – біздің кез-келген қайғымызды біздің игілігімізге айналдыратын Құдайға сенім артуға үйренуді ұсынады.
Download EPUB
Download FB2
Download PDF
ИГІЛІГІМІЗ ҮШІН БОЛАТЫН АЗАПТАР
Өз кітабында бағушы Чарлз Стенли азап шегіп, қиыншылықтардан өтудің – Құдайдың бізге батасын беру үшін қолданатын құралы екенін ашып көрсетеді. Қиыншылықтарға деген мұндай көзқарас, олардың біздің игілігіміз үшін болатынын түсініп, қабылдауға көмектесетін күш қуат болып табылады.
ЖОЛБАРЫСТЫ ЖУАСЫТУ
Бұл кітап, кун-фудан үш дүркін әлем чемпионы болған Тони Энтонидың өмір баяны, оның Иса Мәсіхке сенім артқанға дейінгі жүріп өткен, ұзақ әрі қиыншылыққа толы өмір жолы туралы баяндайды.